ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жиналған қаржы 25 миллион теңгеден асады. Бұл қомақты ақша "Қайырымдылық KZ" қоғамдық қорының арнайы құрылған есепшотына аударылды.
2 қыркүйекте Қостанай облысындағы "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-ға қарасты екі орманшылығы аумағында өрт болды. Қызыл жалын жалмаған аумақ 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты. Бірнеше ауыл тұрғындары эвакуацияланды. Өрт салдарынан 12 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты өңірге жұмыс сапарымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барып, Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттерді жою бойынша жұмыстардың барысына баға берді.
7 қыркүйекте сағат 15:00-де ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильин Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттер оқшауланғанын мәлімдеді.
8 қыркүйекте Премьер-министр Әлихан Смайылов өрттің шығуына кінәлілер жазалануы керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Қостанай облысында орын алған жағдай жауапты лауазымды тұлғалардың тиісті кезде уақтылы әрекет етпеуінің салдарынан ушыққан.
10 қыркүйекте сағат 10:00-де Қостанай облысы ТЖД жедел штабы Әулиекөл ауданындағы ірі орман өрті сөндірілгені туралы хабарлады.