Павлодарлық тұрғын синтетикалық есірткімен ұсталды

Сурет: polisia.kz
Павлодар облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінің жанында Daewoo Nexia көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру кезінде жүргізуші орындығының астынан ұнтақ заты бар полиэтилен орамдары табылып, тәркіленді. Автокөліктің жүргізушісінен жеке тексеру барысында ұнтақ заты бар полиэтилен орамдары, ал оның тұрғылықты жері бойынша көк түсті ұнтақ тәрізді заттары бар металл және пластмасса шыныаяқтар, сондай-ақ электрондық таразылар анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Сания Ахметжанова.

Полицейлер сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар салмағы 920 грамм психотроптық а-рvр заты және салмағы 556 грамм психотроптық зат 4-метилметкатинон (мефедрон) екенін атап өтті, деп жазады Polisia.kz.

Алынған синтетикалық препараттың жалпы салмағы 1 келі 487 грамм. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Күдікті Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді