Алматыда 1,5 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері көлікті мас күйінде басқарған 1 560 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот шешімімен 2 352 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 1 476 көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды. Биылғы жылдың 9 айында ғана Алматыда 2 620 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 2 977 адам зардап шекті, тағы 73 адам қаза тапты. Жыл басынан бері барлығы 952 622 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Алматы қаласының әкімшілік полициясы шаһардың жол инфрақұрылымы жақсарып келе жатқанын хабарлады, деп жазады Polisia.kz.

Қала жолдарында 557 бағдаршам орнатылған, оның ішінде АСУДД жүйесінде – 463, жергілікті – 94. Барлығы 43 мыңнан астам жол белгісі орнатылған. Қалада 1 799 жаяу жүргіншілер өткелі ұйымдастырылды, оның ішінде 73 жерүсті, 68 жерасты, 108 реттелетін, 1 550 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Даулет Сейтқұлов.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі