ШҚО-да автокөлік қатынасын субсидиялау көлемі 40% - ға артты

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстанда жыл сайын облыстық бюджеттен халыққа Тарифтердің қолжетімді деңгейін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар қатынастарды қаржыландыруға қаражат бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, биыл өңірдің автомобиль қатынастарына 1662,1 миллион теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40% - ға артық. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының жолаушылар көлігі мәселелері жөніндегі орынбасары Айжан Рахимбаева ШҚО ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтып өтті.

«Облыста 76 қалалық, 32 қалааралық облысішілік, 39 ауданішілік бағыттардан тұратын әлеуметтік маңызы бар бағыттардың тізбесі бекітілді. Ағымдағы жылы олардың жұмыс істеуіне 1 662,1 миллион теңге бөлінді, оның ішінде қалалық 1 604 миллион теңге, аудандық 58,1 миллион теңге. Өткен жылмен салыстырғанда субсидиялау көлемі 40% - ға артты»,- деді Айжан Рахымбаева.

Сондай-ақ, ол ағымдағы жылы теміржол қатынастарын субсидиялау үшін 553,3 миллион теңге бөлінгенін, ал келесі жылы 430,2 миллион теңге бөлу жоспарланғанын айтты.

Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру мөлшері 5% - ға ұлғайды. Әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынастарының тізбесіне «Өскемен-1-Алтай», «Өскемен-1 – Риддер», «Өскемен-1 – Жалаңашкөл – Достық», «Семей – Жалаңашкөл – Достық» маршруттары енгізілді. «Ағымдағы жылы әуе қатынасы үшін 343 миллион теңге бөлінді. Барлығы 8 айда әуе көлігімен 5,7 мың жолаушы тасымалданды, 150 рейс орындалды. Келесі жылы 174 миллион теңге бөлу жоспарлануда», - деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар Өскемен, Алтай және Зайсан қалаларында аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тегін жол жүруіне 140,5 миллион теңге бөлінгенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды