Алматылық полицейлер көлік салонынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Сурет: pixabay
Әуезов ауданының полиция қызметкерлері көлік салонынан ұрлық жасады деген күдікпен 44 жастағы А.есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шараларды жүргізу барысында күдіктінің “құрбанын” алыстан таңдағанын анықтады, деп жазады Polisia.kz.

Ол оның кетуін күтіп, пульттің дабылын сканерлеу арқылы көлікті ашып, ұрлық жасаған. Содан кейін оқиға орнынан “ізін суытқан”. Біз қаскөйдің ізіне түсіп, оны ұстадық. Қазіргі уақытта күдікті бірнеше ұрлық жасағанын мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады