Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісовтың айтуынша, сенатор өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берген.
Осыған байланысты Ортсайлауком 1-бапқа сәйкес Сіздің қарауыңызға ұсынады. Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың депутаттық өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына және "Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, 3 және 8-тармақтарына сәйкес жасап отыр. Шавкат Өтемісов
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев атап өткендей, Күрішбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтатады.
Ақылбек Қажығұлұлы депутаттық сауалдар арқылы Сенаттың заң шығару қызметіне үлкен үлес қосты, халықты толғандырып жүрген маңызды мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне белсене атсалысып, аграрлық комитеттің хатшысы ретінде жұмысты ұйымдастыруға зор үлес қосты. Осындай ерен еңбегі үшін Ақылбек Қажығұлұлына Сенат атынан зор алғысымызды білдіреміз. Мәулен Әшімбаев
Күрішбаев 1961 жылы 13 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылы Алматы облысы Талғар МРСХ-да комбайншының көмекшісі болып бастады.
1983 жылы Алматыдағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын үздік бітіріп, В.Р. Вильям атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтына жұмысқа орналасады.
Осы жылдары А.И. Барабаев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы болды.
2020 жылғы 27 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.