Алматыда заңсыз жүрген шетелдіктер елден шығарылды

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының көші-қон қызметі арнайы жергілікті іс-шара аясында Өзбекстан Республикасының 18 азаматын және Тәжікстанның 2 азаматын отанына қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шетелдіктер көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы сотының қаулысымен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Тасымалдау Өзбекстан шекарасына дейін арнайы автобуспен жүзеге асырылды. Шетелдік азаматтар шекара қызметіне тапсырылды. Жалпы, іс-шараның 4 күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 820 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 385-і шетелдік, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

ПД бөлімшесінің мәліметі бойынша, “Нелегал” ЖАІ-ның 4 күнінің ішінде елден 38 шетелдік шығарылды, деп жазады Polisia.kz.

Сонымен қатар, шетелдіктердің ҚР болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 413 қабылдаушы тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 22 жұмыс берушіге айыппұл салынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты