ҚР Бас прокуратурасы: Мәсімов өз ісінің материалдарымен танысып жатыр

Сурет: primeminister.kz
Мәжіліс алаңында ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты іс қай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, тергеу аяқталды, қазір сотталушылар іс материалдарымен танысып жатыр.

Өздеріңізге белгілі, тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті істің тергелгенін, қазір сотталушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқанын ресми түрде хабарлады. Танысу біраз уақыт алуы мүмкін екенін бұрын да айтқанмын. Әсет Чиндалиев

Чиндалиев бұл іс бойынша Бас прокуратураның ешқандай шектеу қоймағанын айтты.

6 қаңтарда ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.

Бұған дейін Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК экс-басшысының 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстан
Мәсімов Кәрім

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты