Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуі басталды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі басталды.

Ақпарат Ақорданың Telegram-каналында таратылып жатыр.

«Жетісу облысының стратегиялық мағынасы баршаға белгілі, тарихы да терең. Киелі топырақта Балпық би, Қабан жырау мен Молықбай қобызшы дүниеге келген. Ілияс Жансүгіров, Біләл Сүлеев, Мұхаметжан Тынышбаев сияқты ардақты азаматтарымыз өсіп-өнген. Президент

Сондай-ақ, президент қасиетті жерден Әбілхан Қастеев, Ғали Орманов, Мұқан Төлебаев, Әнуар Әлімжанов сынды төл мәдениетіміздің көрнекті өкілдері шыққаның баса айтты..

Ел ішінде бұл аймақты «Жетісудың жеті кереметі», «Жер жаннаты Жетісу» деп бекер айтпаған». «Бұрынғы Алматы облысының жер көлемі тіпті үлкен болды. Біз жергілікті басқару ісін жетілдіру үшін облысты екіге бөлдік. Бұл – мұқият ойланып жасалған қадам. Себебі, бұл, ең алдымен, тұрғындар үшін қолайлы екені анық. Президент

Қазір Жетісудың әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыруға бюджеттен қаржы бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл шешім аймаққа инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Біздің басты мақсатымыз да – осы» деді президент.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты