Тараз полицейлері 2 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Тараз қаласы ПБ 1-ші полиция бөліміне облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол арызында өзінің танысы қаланың шағын аудандарының бірінде пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтауымен сеніміне кіріп, оның 2 млн теңге сомасындағы ақшасын иемденгенін хабарлады.

Алайда ешқандай жаңа үйді әпермеген, ақшасын да қайтармаған. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды.

Ол Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті кінәсін толық мойындады, деп жазады Polisia.kz.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Биылғы жылдың 9 айында полиция қызметкерлері 600-ден астам алаяқтық дерегін тіркеді, оның 165-і интернет арқылы жасалған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз