Тоқаев Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы заңға қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң экономикалық көрсеткіштер мен экологиялық тұрақтылыққа, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және халықаралық институттармен ынтымақтастыққа бағытталған экономикалық өсудің жаңа моделін – жасыл өсуді әзірлеу және тарату үшін Қазақстанның Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімге қосылуын қарастырады.

Келісім халықаралық ұйым ретінде Жаһандық жасыл өсу институтын құрудағы құқықтық қатынастарды реттейді.

Институт 2010 жылы құрылған және штаб-пәтері Сеулде. Копенгагенде, Абу-Дабиде және Лондонда аймақтық кеңселері бар.

Оның негізгі қызметі – жасыл экономиканы дамытудың ұлттық жоспарларын әзірлеу және іске асыру, ресурстық тиімді инвестицияларды, инновацияларды, өндіріс пен тұтынуды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін зерттеулер жүргізу арқылы дамушы елдерде тұрақты даму мен жасыл өсуге жәрдемдесу.

Келісімді ратификациялау Қазақстанға институттың сараптамалық әлеуеті мен жинақталған білім қорына қол жеткізуге, сондай-ақ ешқандай міндеттемелерді алмай-ақ техникалық көмек тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты