Президент Республика күні мерекесі неліктен қайта жаңғыртылғанын айтты

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
22 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру рәсімінде Республика күнін қайта жаңғыртудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Ұлытауда өткен алқалы жиында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерген-ді.

Мемлекет басшысы бұл бастама халықтың кең қолдауына ие болып, тиісті заңға өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

Биылдан бастап Республика күні – ұлттық мереке.

Президенттің сөзінде, енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтеміз.

Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Сондықтан, осы мерейлі күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болмақ, – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Республика" сөзі латын тілінде "ортақ іс" деген мағына беретіні баршамызға белгілі. Бір сөзбен айтқанда, республика өз ісіне жауапты азаматтардың ортақ іс-әрекетінің арқасында құрылады. Өйткені, азаматтар – мемлекеттің арқауы. Азаматтары болмаса, мемлекет те болмайды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді