“Медицина мақсаты - дені сау ұлт” атты медицина қызметкерлері арасындағы волейболдан турнир өтті

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдарымен және медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың 22 қазан күні Ж.Үшкемпіров атындағы “Тараз-Арена” спорт сарайында Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен “Республика күні” мерекесіне орай “Медицина мақсаты - дені сау ұлт” атты қалалық емханаларының медицина қызметкерлері арасында волейболдан турнир өткізілді.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Турнирге 8 команда қатысып, 100 жуық адам қамтылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалының арнайы І, ІІ және ІІІ дәрежелі кубоктарымен, І орын 200 мың теңге, ІІ орын 150 мың теңге, ІІІ орын 70 мың теңге және 4 үздік номинациялары бойынша 20 мың теңгелік ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі