Алматыда есірткі зертханасы жойылды

Сурет: polisia.kz
Есірткі қылмысымен күресушілердің хабарламасында көрсетілгендей, қылмыстық әрекетті 33 жастағы С. есімді азамат жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның Mercedes автокөлігін полиция қызметкерлері Достық даңғылы мен Омарова көшесінің қиылысында тоқтатты. С. есімді азаматты жеке тінту және автокөлікті тінту кезінде ішінде заты бар изолентаға оралған 85 бума табылды және тәркіленді, деп жазады Polisia.kz

Ұсталған азамат оларды Алматы қаласы мен Алматы облысына одан әрі тарату үшін сақтап қойған. Тәркіленген заттар – мефедрон және марихуана есірткісі. Анықталғандай, күдікті синтетикалық шөпті өзі жасаған. Осы мақсатта ол Алматы облысы Тұздыбастау ауылында жеке тұрғын үйді жалға алған.

Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден зертханалық жабдықтар, шыны тостағандар мен кристалды заттар салынған металл қаңылтырлар, канистрдегі әртүрлі сұйық және ұнтақ химиялық заттар, ұнтақ заттар салынған полиэтилен байламдар, электронды таразылар, магниттік араластырғыш және 300 қапшық табылды және тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 15 келі 200 грамды құрады. Жауап алу кезінде “өндіруші” лаборант пен курьер жұмысы үшін жақсы жалақы алғанын айтты.

Жұмыс беруші зертхана үшін баспананы да жалға алып берген. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады