Түркістан облысында 7 тоннаға жуық мұнай өнімдері тәркіленді

Сурет: pixabay
Түркістан облысында 7 тоннаға жуық мұнай өнімдері заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі бірлесіп жанар-жағармай заңсыз сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдіктіге тиесілі дүкен мен қоймадан 500 литр бензин мен өзге де айғақ зат табылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ Сарыағаш ауданындағы қараусыз қалған жанармай бекетінде мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз заңсыз сақтау және сату қылмысын ашылды.

Тәртіп сақшылары 5 тонна дизель отыны сақталған цистернаны тәркілеген.

Созақ, Түлкібас және Келес ауданында да жанар-жағармай заңсыз сату фактілері анықталды. Барлық деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады