Сарыағашта банкке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген жігіт қамауға алынды

Сурет: ҚР ІІМ
Сарыағаш АПБ-ға банктердің бірінен қатынас хат келіп түсті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз біреу банк қосымшасы арқылы 2021 жылы жалған тауар сату-сатып алумен айналысып, банкке 12,5 млн теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Банкке ірі көлемде шығын келтірген күдіктіні ұстап, қылмысты ашу мақсатында сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден арнайы топ құрылды. Олар тиісті іздестіру шараларын жүргізіп, куәлардан жауап алды, деп жазады Polisia.kz.

Жан-жақты атқарылған жұмыс нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жас жігіт полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, күдікті кәсіпкер ретінде тіркеліп, банк қосымша арқылы өзі сатушы, өзі сатып алушы болып, бірнеше рет сату-сатып алу операцияларын жасаған.

Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды