Қазақстанда ерлер мен жасөспірімдер жиі жоғалады

2022 жылдың басынан бері Қазақстанда 2075 адам із-түссіз жоғалған. Олардың көбі табылды. Мұндай мәліметті ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Нұрлан Темірбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Нұрлан Темірбаев ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, Қазақстанда 9 айда із-түзсіз жоғалған 2075 адамның 1189-ы табылғанын, 801 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Хабар-ошарсыз кетудің тағы 59 фактісі бойынша іс басқа себептермен тоқтатылған.

2022 жылы 186 кәмелетке толмаған жасөспірім із-түзсіз жоғалды деп танылса, оның 176-сы табылды, 6-ын әлі іздестіріп жатыр. Олардың екеуі Шымкент қаласында, қалғандары Алматы қаласында, Алматы, Жетісу, Түркістан облыстарында жоғалып кетті.

Статистикаға сәйкес, көп жағдайда ер адамдар із-түссіз жоғалады. Бұл олардың маусымдық жұмысқа, ұшуға және іссапарға кетуіне байланысты. Әйелдер арасында ішімдікке салынғандар, ал жасөспірімдер арасында тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалар жиі жоғалып кетеді. Кәмелетке толмағандардың кетуінің негізгі себептері: ата-аналармен жанжалдар, балалардың бөлек тұруға ұмтылуы. Балалардың ата-анасының жазалауынан қашу немесе компьютерлік клубтарда ойнау үшін үйден, мектептен қашып кету жағдайлары да кездеседі.ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Нұрлан Темірбаев

Оның айтуынша, жастар да танысу сайттарында кездесіп, кездесу ұйымдастырады. Мұндай әрекетке көп жағдайда кәмелетке толмаған қыздар барады екен.

Ғаламтор арқылы танысқан жігітпен бірге тұруға ниетті екенін ата-анасына, туған-туыстарына айтпай, үйінен кетіп қалады, сонан соң біраз уақыт хабар-ошарын білдірмейді.Нұрлан Темірбаев

Спикер 100 жағдайдың 80-нен астамында хабар-ошарсыз кеткендер табылып, отбасымен қауышатынын айтты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: