Тараздық полицейлер жоғалған қызды тапты

Сурет: pixabay
Тараз қалалық Полиция басқармасының “102” жедел нүктесіне сағат 23:00 шамасында қала тұрғынынан 8 жастағы қызының кешкі сағат 18:00 кезінде аулаға ойнауға шығып оралмағандығын, өзі іздеп таппағандығы жайлы хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәмелетке толмаған қызды іздеу жұмыстарына Полиция басқармасының жеке құрамы, 30 ерікті азамат, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, кинолог мамандары мен қызметтік иттер жұмылдырылды.

Аталған топпен 7 сағатқа созылған іздеу шараларының нәтижесінде таңғы сағат 07.00 шамасында қыз қала аумағындағы аулалардың бірінен табылды, деп жазады Polisia.kz.

Ол өзінің ойнап жүріп, байқамай басқа аулаға кетіп қалғандығын, кеш батқанда үйіне қайтар жолды таппағанын айтқан.

Жасы кәмелетке толмаған қыз аман-есен өзінің анасына тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз