Әкімдік алматылықтарға заңсыз салынған тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмауды ескертеді

Сурет: Zakon.kz
Әкімдік алматылықтарға заңсыз салынған тұрғын үй кешендерінің пәтерлерін сатып алу мәселесі бойынша жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағайлы шағын ауданындағы Французский дом тұрғын үй кешені рұқсат құжатынсыз салынып жатыр. Әрі меншік иесі шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер телімінде тұрғын үй кешенін салуда.

Қала құрылысын бақылау басқармасы шілде айында нысанды жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша меншік иесі ӘҚБтК-нің 316-баптың 1 бөлігі, 321 бап бойынша жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар, аталған заң бұзушылықты 19.10.2022 жылға дейін жою туралы бұйрық шығарылды. Бұйрық мерзімі өткен соң оны орындау үшін қайта тексеру тағайындалды, қазір құжаттары прокуратурада тіркеуден өтуде.

Сонымен бірге, басқарма құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу туралы талап-арызды сотқа жолдады.

Айта кетсек, басқарма +7 (727) 229-81-36 нөмірлі сенім телефонын іске қосты, бұл арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеруге болады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды