Астанада ақша бопсалаумен айналысқан жалған полицей ұсталды

Сурет: polisia.kz
Елордалық Полиция департаментінің полицейлері арнайы операция жүргізді, оның барысында ақша бопсалады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 жастағы жігіт интимдік қызмет көрсететін қыздардан ақшаны қорқытып алғаны анықталды.

Күдікті қыздарға пәтерге келіп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп ақша талап еткен, деп жазады Polisia.kz.

Бұл ретте қаскүнем полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.

Полицейлер жігітті қалалық пәтерлердің бірінде жәбірленушіден 20 мың теңге алып жатқан кезде ұстады.

Жеке тінту кезінде одан полиция қызметкерінің куәлігі мен ақша тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді