Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, тұман түсіп, қатты жаңбыр жауады, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, 4 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қызылорда облысында оңтүстіктен жел соғады, облыс орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, жел күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз қатты жаңбыр, тұман, жел күтіледі.

Түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстікте, Абай облысының орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігіндегі жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз шығыста солтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Синоптиктер де Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауатынын ескерткен еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді