Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика бойынша атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтеді.
Республикада тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте аз бұрқасын, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болады.
Күндіз Ақмоланың батысында, Қостанай облыстарының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі.
Астанада күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +4+6°С.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +11+13°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +13+15°С.