Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:07 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 18 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында антициклон екпінінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым бөлігінде тұман түседі, кей жерлерде жел күшейеді.

Оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Астанада ала бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Батыстан, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз +7+9°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +13+15°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +15+17°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: