Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстандағы 21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, еліміздің шығысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Қазақстанда жел күшейеді, республиканың батысында, солтүстік-батысында тұман сақталады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 17-19 жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 21-23 жылы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript