1-3 қарашада еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 10:38 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2022 жылғы 1-3 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды: алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК таратқан мәлімет бойынша, 1 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 2-3 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, елдің солтүстігінде жел күшейіп, бұрқасын күтіледі."Қазгидромет" РМК

1 қарашада ауа температурасы күндіз 10-22°C болатын, 2 қараша күні 5-13°C-қа дейін төмендейтін оңтүстік облыстарды қоспағанда, республикада температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: