Жаңалықтар тізбегі
0

Демалыс күні жаңбыр жауады: 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамы

жаңбыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 14:58 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 6-8 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Елдің қалған бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен анықталады. Бұл аймақтарда көбіне жаңбырлы ауа райы болжанды. Кей өңірде найзағаймен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ жауып, екпінді жел болуы мүмкін.«Қазгидромет» РМК

Температуралық фон:

  • Күндіз батыста +30...+37°С;

  • оңтүстік-батыста +27...+37°С;

  • солтүстік-батыста +27...+35°С;

  • солтүстікте, шығыста +22..+30;

  • орталықта +20...+28;

  • республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +30...+35°С, таулы аймақтарда +25°С шамасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: