8 қарашада Қазақстанда жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша 2022 жылғы 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол болады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында жаңбыр, қар жауады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4...-6°С, күндіз -1...-3°С.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +5...+7°С.

Шымкентте күн бұлтты, түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түседі. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +3...+5°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды