Тоқаев "Атырау Жарық" компаниясының жұмысын сынға алды

Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында электр желісінің 40 пайызға жуығы ескірген. Бұл мәселеге президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 15 елді-мекеннің электр желісі жөнделіп жатыр. Президент бұл жеткіліксіз екенін айтты.

Президентс соңғы жылдары аймақта электр қуаты жүйесі дұрыс істемейтін тілге тиек етті. Өңірдегі энергия тапшылығы – шамамен 200 мегаватт. Облыста өзінің электр станциясын пайдаланып отырған кәсіпорындар бар. Бірақ, олардың мүмкіндігі шексіз емес.

Өнеркәсіп орындары дамып, халық саны көбейген сайын қуат көзіне деген сұраныс артады. Атырау облысының электр энергиясы жүйесін түгел жаңғырту жұмыстарын бастау қажет.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы былтыр батыс аймағын еліміздің негізгі энергетика жүйесіне қосу туралы тапсырма бергенін айтып, Үкіметке осы мәселені пысықтап, нақты шешім қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ электр желілерін жөндеу жұмыстарын республикалық бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұдан бөлек, "Атырау Жарық" компаниясының жұмысына қатысты сын-ескертулер бар. Егер компания өз міндеттемесін орындамаса, ондай келісімді бұзу қажет, - деді Президент.
Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті