Қазақстанда бір жылда пойыз билеттері 20 пайыз қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Сарапшылардың 10 қарашада жариялаған есебінде бір жыл ішінде Қазақстандағы жолаушылар пойызының қызметі 20 пайыз қымбаттағаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Energyprom.kz басылымында сарапшылар қала маңында қатынайтын пойыздардың жүру ақысы 16,7% қымбаттағанын айтты. Республикаішілік қатынас пойызының екінші класты вагонында тасымалдау 20,6%, купе вагонында 17,8% қымбаттады.

Баға Шымкент, Жетісу және Алматы облыстарында айтарлықтай өскен.

Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облыстарында баға аса көп өсе қоймағаны байқалды.

Небәрі 9 айда, зерттеушілердің мәліметінше, 14,7 миллион жолаушы теміржол көлігі қызметін пайдаланған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 32,6 пайыз артық.

Бір қызығы, пойыз қызметін көбіне елорда тұрғындары пайдаланған. Көліктің бұл түрін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сирек пайдаланады екен.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған