Алаяқтармен күрес: Жалған нөмірлер бұғатталады

Сурет: pixabay
Алаяқтықпен күреске - байланыс операторлары да қосылмақ. Себебі жыл басынан бері бұл бап бойынша 17 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, азаматтарымыз 15 миллиард теңгесінен айырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсіресе банк немесе құқық қорғау органы қызметкерінің атын жамылып телефон соғатындар азаймай тұр.

Биыл осы факті бойынша үш мыңнан астам іс тіркелген. Әдетте алаяқтар хабарласар алдында арнайы бағдарлама арқылы нөмірін ауыстырады, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Ішкі істер министрлігі бұл нөмірлерді бұғаттау бойынша құзіретті органдардың және байланыс операторларының қатысуымен бірнеше жиналыс өткізген.

Бұл техникалық мәселе екенін түсіну керек. Қазір ұялы байланыс операторлары нөмірі ауысқан абоненттерден келетін қоңырауларды бұғаттау тетіктерін қарастырып жатыр. Ол үшін ақпараттық жүйені икемдеу керек. Операторлардың мәліметінше, жыл соңына дейін бұл мәселе шешіледі. Рүстем Дүйсетаев, ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды