Оралдағы жанармай құю бекеттерінде газдың жоқтығы байқалды

Сурет: Zakon.kz
14 қарашада Оралдағы жанар-жағармай құю бекетінде кезек пайда болды. Кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде газ тек талон бойынша шығарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанармайды шағын станциялардан табуға болады, бірақ ұзын-сонар кезекте тұруға тура келеді, деп жазады Мой город басылымы.

"2 қарашадағы жағдай бойынша жанармай құю бекеттеріндегі қалдық 180 тоннаны құрайды. Бекітілген жоспар аясында қараша айына облыстың ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу 3 438 тоннаны құрап отыр. Алайда, 26 қазанда АНПЗ. ЖШС Энергетика министрлігіне қараша айына жоспарланған газ өндіру көлемінің қысқаруы туралы хабардар етті.Осыған байланысты соңғы сатып алушылар үшін (газ құю станциялары, газ толтыру станциялары) жеткізу жоспары аясындағы көлем біркелкі 35%-ға қысқарады. Миржан Нұртазиев, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Қараша айында БҚО-ға 2235 тонна жеткізу жоспарлануда.

«8 қарашада «ANPZ» ЖШС-не 7 қарашадан 14 қарашаға дейін технологиялық қондырғыларды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарланды. «ANPZ» ЖШС БҚО тұтынушылары үшін толық қуаттылыққа шығу және жөнелтуді бастау үшін алдын ала мерзім 18 қараша болып табылады». Миржан Нұртазиев

Оның айтуынша, Энергетика министрлігі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан қосымша 504 тонна бөлген.

Бұған дейін Атыраудағы жанармай құю бекеттерінде де осындай жағдай орын алған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі