Павлодарда іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Павлодар полицейлері облыс аумағында өткен “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Рейдтік іс-шаралар кезеңінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Қылмыстарды ізің суытпай, сондай-ақ бұрын жасалған қылмыстарды да ашты.

Нәтижесінде іздеуде жүрген 6 адам ұсталды. Мысалы полиция Ресей Федерациясының Омбы облысы бойынша ФЖӨҚБ іздеген ер адамды анықтап ұстады. 2004 жылы Ресей Федерациясының аумағында 43 жастағы ер адам зорлау жасады. Ал Тәжікстан Республикасының 30 жастағы азаматы 2021 жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін тергеуден жасырынған, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Осы іс-шараны өткізу барысында Ертіс өңірінің полицейлері 1799 бұзушылықтың жолын кесті: ұсақ бұзақылық, тыныштық пен көші-қон заңнамасын бұзу, сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйінде болу.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Екі күн ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде болғаны үшін 87 ата-ана жазаланды.

Ата-аналары мен басқа да заңды өкілдерінің бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 38 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері бойынша облыстың 161 тұрғыны анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз