Екі қызылордалықтан марихуана мен гашиш тәркіленді

Сурет: Polisia.kz
Екі қызылордалықтан 4,3 келі гашиш пен 4,8 келі кептірілген марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қараша күні “Рефлекс-2022” ЖПІШ шеңберінде Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлерінің алынған жедел ақпараты бойынша 65 және 40 жастағы қала тұрғындарын есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін ұстады.

Ұсталған күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 9 келіден аса ірі мөлшерде есірткі затын тәркіледі, оның ішінде 4 келі 272 грамм “гашиш” және 4 келі 842 грамм кептірілген марихуана, деп жазады, Polisia.kz.

Сонымен қатар, заттай дәлелдеме ретінде есірткі затын өлшеуге арналған электронды таразы мен ақшалай қаражат тәркіленді.

Қазіргі таңда күдіктілер ұсталып, қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сату, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады