Ақмола тұрғыны өзгенің пәтерін иесіне айтпай жалға берген

Сурет: polisia.kz
13 қарашада Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынынан 2022 жылдың наурызында белгісіз адам оған тиесілі 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иеленгені туралы өтініші келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала тергеу барысында қаскөй өзін пәтер иесінің ағасы етіп таныстырып, өтініш берушіге пәтерді жалға бергені анықталды.

Жәбірленушіден тұрғын үйді жалға беру үшін алдын ала төлемді алған қаскөй бір аптадан кейін келесі ай үшін төлем жасауды талап еткен.

Бірнеше күннен кейін пәтерді тексеруге үйдің нағыз иелері келген, алайда онда басқа жалға алушылардың тұратынын білмеген.

Сондай-ақ пәтер иелерінің қаскөймен ешқандай туыстық байланысы жоқ екендігі, сонымен қатар қаскөй бұрын пәтер иесінің пәтерін жалға алушы болғаны анықталды.

Аталған фактіге сәйкес Көкшетау қаласының Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді