Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

Сурет: ҚР ІІМ
16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақ үйлердің бірінде ер адамның өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. Аталған бөлмеде жәбірленушіден бөлек 28 жылғы азаматша да болды және ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады, деп жазады, Polisia.kz.

бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау айғақтарын берді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта материалды толық жинауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Іс бойынша сот сараптамалары кешенінің нәтижелеріне сәйкес, заңды процестік шешім қабылданатын болады.

ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, кісі өлтіру, яғни басқа адамға заңсыз қасақана өлім келтіру – сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды