Елордада тіркелмеген азаматтар үшін 23 сайлау учаскесі ашылды

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Астанада қалада тіркелмеген азаматтар сайлау күні дауыс бере алатын 23 сайлау учаскесінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл санаттағы сайлаушыларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері көмектеседі. Мұнда түрлі себептермен тіркелмеген адамдар сайлау құқығын пайдалана алады.

Бұл учаскелерде сол азаматтар үшін бір күндік тіркеу жүргізіледі. Осылайша тұрақты тіркеле алмаған қала тұрғындары мен қонақтары азаматтық борышын өтеп, ел өміріндегі маңызды оқиғаға өз үлесін қоса алады.

Ол үшін аталған санаттағы азаматтар сайлау күні сайлау учаскесіне келіп, бір күн сол жерде тіркелуі керек.

Мұндай толықтыру Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына енгізілді. Онда дауыс беру күні тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратқа немесе үй-жайға тіркеуге рұқсат етілетіні айтылған.

Еске салайық, сайлау күні Астанада 406 сайлау учаскесі ашылады. Сіз өзіңізді веб-сайт, Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы немесе Telegram-дағы чат-ботқа кіріп немесе iKomek байланыс орталығына «109» телефоны арқылы біле аласыз.

Айта кетейік, 20 қарашада елордалық автобустарда жол жүру тегін болады.

Қазақстан Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: