Байқауға қатыстқан мектептер мен колледждерде сабақ беретін 64 педагог жеңімпаз атанып, әр мұғалімге 3 млн теңгеден ақшалай сертификаттар берілді. Жеңімпаздардың қатарында батысқазақстандық үш педагог бар.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Тағы бір жеңімпаз Зәуреш Қошанова Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы. Жалпы еңбек өтілі – 29 жыл. Педагогтің шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда, түрлі білім байқауларында жүлделерге ие болған. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді ұйымдастыру қызметтері» мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында «Критериалды бағалау технологиясы» оқу құралының авторы.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Республика бойынша үздік педагогтің бірі Эльмира Қазиханова Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі. Педагогикалық еңбек өтілі 14 жыл. Эльмира Бейсембайқызының оқушылары Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадасының, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндердің, Президенттік олимпиадалардың, республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңдерінің жүлдегері. Педагогтың өзі де түрлі республикалық, облыстық химия пәні бойынша мұғалімдерге арналған олимпиадалар, химиялық турнирлердің, кәсіби конкурстардың жеңімпазы. Мұғалімнің авторлық бағдарламалары, әдістемелік құралдары республикалық, облыстық деңгейде таратылған.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім «Үздік педагог – 2022» атағы үшін сынға түскен.