Алматыда қаза тапқан қыздың көршілері мән-жайды айтып берді

Сурет: Zakon.kz
19 қарашада әкесінің 9 жасар қызын айуандықпен өлтіргені белгілі болды. Қыз 4-сыныпта оқитын. Сол күні көршілерінің айтуынша, ол үйде жалғыз болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Еуразия» бірінші арнасының хабарлауынша, әкесі қызын өлтіріп, 15 жастағы өгей ұлын да пышақпен жаралаған. Қазір бала ауруханада жатыр, жағдайы бірқалыпты. Күдікті қамауға алынды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Көршілері қыздың мейірімді, ақкөңіл екенін айтты. Таныс отбасылар мектеп оқушысын әкесімен бірге ойын алаңында жиі көретін. Олар әлі күнге дейін шоктан шыға алмай жүр.

«Мен оның анасын бала кезімнен білемін, біз мұнда 1975 жылдан бері тұрамыз. Қарапайым отбасы болған», - дейді көршісі.

Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды