Мәжіліс депутаты Фуат Сатыбаев ант қабылдады

Сурет: akzhol.kz
Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Фуат Сатыбаев палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болады.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін. Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға. Оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға. Маған сеніп тапсырылған депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді Фуат Сатыбаев.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутатты жаңа қызметімен құттықтады.

Фуат Сатыбаев 1965 жылы дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген.

Осы жылдар ішінде хирург, страсс серіктестігінің директоры, «Мойылды» шипажайының бас директоры қызметтерін атқарды.

2021 жылдан бері «Ақ жол» партиясынан Павлодар облыстық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды