Бұрын сотты болған әйел талдықорғандықтарды 35 млн теңгеге алдаған

Сурет: Zakon.kz
2021-2022 жылдары Талдықорғанда тіркелген ірі алаяқтық фактілері бойынша тергеу жұмыстары аяқталуда. Қылмыстық іс материалдарымен күдіктінің бұдан бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны және 28 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.

Белгілі болғандай, кәсіпкер әйел талдықорғандықтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуді ұсынған.

Ол қарапайым сенгіш азаматтарға қала әкімдігінде байланыстары бар екеніндігін айтқан.

Тергеу барысында күдіктінің қандай да бір тұрғын үй комиссияларының құрамына кірмейтіні және қандай да бір мемлекеттік органның қызметкері емес екені анықталды.

Аталған күдікті алаяқтық қылмыстың 14 эпизодында байқалады. Жәбірленушілердің жалпы материалдық шығыны 35 580 000 теңгені құрайды. Әйел Талдықорған тергеу изоляторында қамауда, – деді Талдықорған қаласының ПБ тергеушісі Ілияс Алдабергенов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды