СҚО-да жыл басынан бері 700-ге жуық интернет-алаяқтық тіркелді

Сурет: ҚР ІІМ
Тәртіп сақшылары брошюралар мен жадынамалар тарату үшін, желілік алаяқтардың қулықтары туралы айту үшін адамдар көп жиналатын сауда үйлеріне жол тартты.

Қаскөйлердің негізгі айла-амалдары: интернет арқылы сауда жасау кезінде алдын ала төлем жасауды талап ету немесе банк қызметкері болып қоңырау шалу.

Жәбірленушіге психологиялық қысым көрсету мақсатында алаяқтар алғашында өздерін құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырады.

Бұл жайында учаскелік полиция инспекторлары халықпен кездесу барысында жиі айтады. Әсіресе, егде жастағы адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Әдетте, зейнеткерлер тез алданады. Петропавлдық зейнеткер Надежда Дьяченко өз учаскелік инспекторының жұмысына көңілі толатынын айтты.

Маған алаяқтар жиі хабарласты, қырық шақты қоңырау соғылды. Күйеу балама да қоңырау шалды, бізге учаскелік инспектор әлдеқашан ескертіп қойған, жадынамалар таратты, айла-амалдары туралы айтып берген. Рақмет оған, – дейді тұрғын.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады