Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы жалғасады

Сурет: Zakon.kz
25 қарашада Сенат отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев «7-20-25» бағдарламасын жалғастыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркебұлан Дауылбаев Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы бар екенін айтты.

"7-20-25 бағдарламасын жалғастыру жоспарлануда. Бірақ бұл мәселе Ұлттық банкке қатысты, менің ойымша, толық ақпаратты Ұлттық банктен алған дұрыс". Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев

Сонымен бірге, оның айтуынша, ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау тетігі қолдау таппай отыр.

"Субсидиялау қарастырылған. Екінші деңгейлі банктен ипотека алған жағдайда жылдық мөлшерлеменің 7 пайызын мемлекет өтейді деп болжанған болатын. Біз банктерді тарту, ипотеканың тартымдылығын арттыру үшін осындай тетік қарастырдық. Бірақ қазіргі уақытта қаражаттың шектеулі болуына байланысты бұл өтінім Қаржы министрлігінен қолдау таппай отыр. Яғни, бұл механизмді қаржыландыру келесі жылы қарастырылмаған. Егер қаражат табылса, бұл бағдарлама « 7-20-25" бағдарламасы жалғасады. Еркебұлан Дауылбаев

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда (2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың қазанына дейін) қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 27,1%-ға, жаңа тұрғын үй бағасы 16,6%-ға қымбаттады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты