ТЖД ауа райының күрт нашарлауына байланысты астаналықтарға үндеу жасады

Сурет: pexels
25 қарашада ауа райының күрт нашарлауына – бұрқасын, қалың қар, тұман және ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындарына қала сыртына шығудан бас тартып, қырағы болуды ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар)болады. Бұрқасын, көктайғақ, тұман болжанды.

"Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. 26 және 27 қарашада ауа температурасы төмендейді, күндіз -22...-24°С, түнде -30...-32° болады."Қазгидромет" РМК

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қарлы боран кезінде қалай әрекет ету керек екенін еске салды.

Егер ғимаратта болсаңыз:

Ғимараттан тек ерекше жағдайда шығыңыз.

Қажет болса, отбасы мүшелеріне немесе көршілеріңізге қайда баратыныңызды және қай уақытта келетініңізді айтыңыз.

Жалғыз шықпауға тырысыңыз.

Егер жолда болсаңыз:

Тек негізгі жолдар мен магистральдарда жүріңіз.

Көліктен шыққан кезде көрінетіндей болыңыз.

Ақау немесе өте нашар көріну жағдайында:

жолдың шетіне тоқтау;

үзік-үзік сигналдармен дабыл қағу, антеннаға жарқын матаны ілу, көлікте көмек күту.

Есіңізде болсын, арқамен құлау қауіпті. Өйткені ми шайқалуы мүмкін. Егер жарақат алсаңыз, дәрігерге жүгініп, медициналық көмек алыңыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды