Марат Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметінде қалды

Сурет: gov.kz
Марат Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы қол қойған тиісті жарлық 28 қарашада Ақорда сайтында жарияланды.

Марат Омаров 1988 жылы 20 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Британдық мектеп Buckswood School GCSE бағдарламасы (2004 - 2005);

British College Buckswood School A-Level бағдарламасы (2005 - 2007);

· «Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк Британ университеті (2010);

Лондон экономика және саясаттану мектебі (LSE), магистратура (2011)

«Әлеуметтік ғылымдар магистрі» мамандығы

· Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің (кейіннен – Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика) кеңесшісі (2012-2014);

· Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары (2014-2016);

· «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры (2016-2017);

· «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы, трансформациядан кейін - «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) (04.2017-05.2019);

Басқарушы директор – «Бәйтерек» холдингінің басқарма мүшесі (05.2019-10.2020);

· Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (10.2020-16.08.2022);

2022 жылғы 16 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды