Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысы шектеледі

Сурет: unsplash
2022 жылғы 28 қарашада сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 30 градус аяздан төмен түседі деп күтілуде. Осыған байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ атап өткендей, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының барлық республикалық маңызы бар жолдарында дизельдік және жолаушылар автобустарының қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

«Республикалық бағыттарды пайдаланушылардан маршрутты алдын ала ретке келтіруді, алыс қашықтыққа шықпауды және ауа райының өзгеруін мұқият бақылауды сұраймыз!». «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тәулік бойы жұмыс істейтін «1403» call-орталығына хабарласу ұсынылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсанында Қазақстанда 43 градусқа дейін аяз және қатты жауын-шашын күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты