Таразда аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Сурет: polisia.kz
Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған Тараз тұрғыны 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру барысында Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Жеке тінту кезінде полицейлер “каннабис шайыры” есірткі затының 44 бумасын тәркіледі. Күдіктінің тұрғын үйін тексеру барысында Малыш қызметтік-іздестіру итінің көмегімен оның ас үй бөлмесіндегі газ плитасының астынан есірткі заты оралған екі бума табылды.

Тәркіленген “каннабис шайыры” есірткі затының жалпы салмағы 628 грамнан асады. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті