Қазақы ит тұқымын көбейтуге 1,4 млрд теңге жұмсалады

Сурет: Zakon.kz
Елде қазақы ит тұқымын сақтау және көбейту үшін 1 млрд 400 млн теңге жұмсалады. Мәжілісте заң жобасы жөнінде баяндама жасаған депутат Әмірхан Рахымжанов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір елде қазақы тұқымға жататын иттер азайып кеткен. Бұған ғылыми зерттеудің жүргізілмеуі мен мемлекеттік қолдаудың болмауы себеп дейді, мамандар. Қазақстанда үйде ұстайтын қазақы ит тұқымдарына қатысты стандарттар бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Бірақ осы заң күшіне енген соң жаңа стандарттар дайындалып, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығымен бекітілген құжат қолданыстан алынады,- дейді депутат. Сонымен бірге қазақы иттерді іріктеу және таңдаумен жаңадан құрылатын Ұлттық орталық айналысады.

Бүгінгі күні толық, нақты статистика жоқ. Бір деректерде 3 мыңдай қазақы тазы бар деп айтылады. Бір мәліметте 1500 ғана бар екен. Қиын-қыстау заманда бір тазы бір ауылды не бір отбасын қыстан аман алып шыққан. Еліміз мал шаруашылығына көңіл бөледі. Осыған байланысты таза тұқымды төбеттерді шығаратын болсақ, ол тек елге пайдалы болады. Әмірхан Рахымжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды