Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
«Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген хабарламада.
Өмірбаяны
1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан.[1]
Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995).
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Сібір қазақтары облысын басқару және Ресейдің Шығыс саясатындағы оның орны (1822-1868)».
1980 жылдан - Орал облысы Ақжайық ауданы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы.
1981 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
1983 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1988 жылдан - мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы.
1991 жылдан - Қазақстан Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері.
1996 жылдан - Қазақ мемлекеттік заң университеті мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы.
1999 жылдан - «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры (Астана).
2001 жылдан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2006 жылдан - ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің терағасы.
2008 жылдан - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.
2017 жылдан - Маңғыстау облысының әкімі.
2019 жылдан - Қазақстан кәсіподақ федерациясының төрағасы.
2020 жылдың 11 ақпанынан — Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары.
2022 жылдың 31 тамызынан бері — Ақтөбе облысының әкімі.