Шара барысында жетекші халықаралық және қазақстандық әлеуметтік сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу және қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік қызметкерлердің рөлін нығайту мақсатында Алматыда жүзеге асырылып жатқан табысты жобаларын бөлісті.
Форумның негізгі мақсаты қала тұрғындарының аз қамтылған және әлеуметтік қорғалмаған санаттарын қолдау болып табылатын мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болды.
"Мемлекеттің әл-ауқаты мен гүлденуі оның қоғамының әл-ауқатына тікелей байланысты екені хақ. Дегенмен әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі ең үлкен нәтижеге "алтын үшбұрыш" деп аталатын тиімді өзара әрекеттесу арқылы қол жеткізіледі. Бұл кезде әлеуметтік тұрақтылық қоғамның, мемлекеттің және бизнестің бірлескен күш-жігерімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан форум барысында ҮЕҰ өкілдерімен, кәсіпкерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп, әлеуметтік мәселелерді шешудің заманауи тәсілдерін табуға күш-жігерімізді біріктіруге көмектесетін шешімдерді табуға тырыстық", – деді Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
Сонымен қатар форумда әлеуметтік бағдарламаларды дамытудың тенденциялары мен дамуы, мүгедектерге және халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты еңбек заңнамасының негіздері, қоғам, мемлекет және бизнес мысалында өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, қоғамдағы әлеуметтік қызметкерлердің рөлі айтылып, әлеуметтік жобаларын жүзеге асырды.
Форум қорытындысы бойынша мүгедектіктің алдын алу және оны ескерту бойынша жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар үшін қала инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету, ол жандарды қоғамға тарту мақсатында келесі жылы қаланың әр ауданында Ten Qogam әлеуметтік қолдау орталығын ашу жоспарланып отыр.
Форумды Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Шараға 300-ден астам адам қатысты.