Тәуелсіздік күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 16 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел аумағының басым бөлігі әлі де моңғол антициклонының ықпалында, бұл жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Тек республиканың шеткі батысында және оңтүстігіндегі таулы аймақтарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады, батыста көктайғақ болады.

"Оңтүстік-шығыстан, оңтүстікте, орталықта жел күшейеді. Атырауда, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында тұман күтіледі". «Қазгидромет» РМК

Жетісу облысының Алакөл көлдері аймағында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да жоғары болады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -23...-25°С, күндіз -14...-16°С болады.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°С, күндіз +3...+5°С болады.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +9...+11°С болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды